Мәдениет

Облыстық қуыршақ театрының Жаңа жылға әзірлігі

 

Облыстық қуыршақ театрының ұжымы Жаңа жыл қарсаңында балаларды кезекті қойылымдарымен қуантпақ. Қазір ортада «Кішкентай Диананың жаңажылдық шытырман оқиғалары» спектаклі сахналануда. Актерлер еңбектерін көпшілікке ұсынбас бұрын әуелі әріптестеріне көрсетіп жатыр. Негізі, туынды көрерменге жексенбіде жол тартады. Жалпы, театр ұжымы жыл басынан бері 5 спектакль қойған.

ГРИГОРИЙ ЛАЙКО, облыстық қуыршақ театрының бас режиссері
– Бұл қойылымға 11 актер ат салысады. Кішкентай қонақтарымыздың көңілінен шығады деген ойдамын. Отбасыларыңызбен келіп көріңіздер.