Қоғам

Облыстық қоғамдық кеңестің отырысы өтті

 

 

Жиында қаралған алғашқы мәселе – балабақша төлемақысының мөлшерін бекіту. Келер жылға арналған төлемнің құнын қалыптастыру негізгі азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының статистикалық деректерін қолдана отырып жүргізілді. Бұл ретте азық-түлік тауарларына тұтыну бағаларының индексі ескерілді. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жеткізушілердің прайс-парақтарымен бірге индекс 118,8-ді құрады.

Татьяна Протопопова – облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары
– «10,5 сағаттық режимі бар топтарда 3 жасқа дейінгі балалар үшін ата-ана орташа 13160 теңге, ал 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндерге 16217 теңге төлейді. 9 сағаттық топтарда төлемақы 3 жасқа дейінгі балалар үшін 12664 теңге, 3 жастан 6 жасқа дейін 15474 теңге тұрады».

Облыста 465 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Онда 18 мыңнан астам бала тәлім алады. 19 нысан жекеменшік болып саналады. Жиында, сондай-ақ, облыс аумағында автобуспен жолаушы тасымалдауға қатысты тариф талқыланды.

Мирхат Әбілмәжінов – облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары
–  «Бюджетке түсетін жүктемені азайту мақсатында жол жүру құнын килиометр бойынша 2 теңгеге арттыру туралы шешім қабылданды. Сонда жолаушы тасымалдаушыға әр билеттен түсетін табыс 2 теңгеге артады. Нәтижесінде біз 200 млн теңге шамасында үнемдейміз деп жоспарлап отырмыз».

Бүгінгі таңда облыста әлеуметтік маңызы бар облысішілік 43 маршрут 787 млн теңгеден астам сомаға субсидияланады.