СҚО әкімдігіАптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі Мамлют ауданында болды

 

 

Облыс әкімі Мамлют ауданында да болды. Бірінші кезекте Айдарбек Сапаров Покровка ауылына ат басын бұрды. Ол мұндағы су желілерін тарту жұмысымен танысты. 2023 жылдың тамыз айында 1,5 мыңнан астам ауыл тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтылады. Бұл бағытқа қыруар қаржы бағытталып отыр.

 

ЛЮФТ:
– Остается у нас основные работы по резервуару.
– Здесь водопроводной башни не будет?
– Нет, не будет. По 150 кубов 300 кубов резервуар будет.
– Это 2 по 150?
– Да

Өз кезегінде өңір басшысы құрылыс жұмыстарының не себепті кеш басталғанын сұрады. Бұған мамандар «Елді мекен батпақты жерде орналасқан, сондықтан жердің қатқанын күтуге тура келді”, – деп жауап берді. Қазіргі уақытта жұмыстың 80 пайызы атқарылған.

ЛЮФТ: Әсет Мырзабеков – “Компания “АрАй-НС” ЖШС өкілі
– 3 шақырым қалды, қалған 8 шақырымын суықты пайдаланып қазып алдық. Ал қалғанын Жаңа жылға дейін бітіреміз деген мақсат бар.

Аудандағы 38 елді мекеннің 24-і ғана орталықтандырылған сумен қамтылған. Сапалы тіршілік нәрін қалған ауылдарға да жеткізу жоспарда бар. Бұдан кейін өңір жетекшісі аудан орталығы – Мамлютка қаласына соғып, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Әуелі аудан әкімі есеп берді. Есебінде ауданда жыл бойы атқарылған істі тізді.

ВЛАДИСЛАВ ЛУКИН, Мамлют ауданының әкімі:
–  Биыл Белое ауылында сумен жабдықтау жүйесін құрдық. 2023 жылы орталықтандырылған су жүйесіне 7 елді мекенді қосамыз. Воскресеновка мен Леденево ауылдарының арасындағы 23 км жол жөнделді. Шучье деген елді мекеннің кіреберісіндегі 9 шақырым жер қалыпқа келтірілді. Келесі жылы Покровка, Бекет пен Белое ауылдарының маңы оңдалады.

Жиында ауданға бөлінген қыруар қаржының 410 млн-ы игерілмей кері қайтарылғаны белгілі болды. Осы ретте Айдарбек Сапаров аудан басшысының дұрыс бақылау жүргізбегенін сынға алды.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
–  Халық ақша бөлінбейді деп ойлады. Бірақ, ақша болған, ол игерілмей, кері қайтарылыпты. Мәселен, білім саласының өзіне 4,5 млрд теңге бөлінеді, ал жолдарды жөндеуге 2 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Бұл тізім бұнымен аяқталмайды. Мұны неге бақылауға алмайсыз? Жауапсыз мердігер болса, уақытында әрекет ету керек. Сізге бұл мәселені бақылауға алуға тапсырамын.

Мамлют ауданындағы мал шаруашылығының аяқ алысы да облыс әкімінің көңілінен шықпады. Бұл бағытпен әлі күнге дейін бұрыннан таныс агроқұрылымдар ғана айналысып жүр деді.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Тізімге қарап отырсам, жартысы мал шаруашылығымен айналыспайды. Олай болмауы тиіс. Сондықтан, осы басшыларға тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Қазір бұл бағытқа мемлекеттен түрлі қолдау көрсетіліп жатыр. Аталған салаға неге ден қоймасқа?

Бұдан кейін өңір басшысы тұрғындардың бұйымтайын тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Ауылдағы ағайын бірқатар әлеуметтік мәселенің шешілгенін қалайды. Көбін Мамлютка қаласындағы жолдың жағдайы алаңдатады.

ЛЮФТ
 – Дорога узкая. И при нынешнем его состоянии пройти и проехать очень проблематично. Хотелось бы, что бы это дорога была тоже проасфальтировано. Если мы скажем что на Мамлютскую улицу дадим, то какая улица сегодня в приоритете. Потом следующую вторую улицу. Если в этом году получится то в этом, если нет то в следующем.

Аудандағы өзекті мәселелердің бірі денсаулық сақтау саласына қатысты.
Облыстық бейінді басқарма басшысы Құмар Күсемісовтің айтуынша, ауданға медициналық мамандар жетіспейді.

ҚҰМАР КҮСЕМІСОВ, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
–  Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары дәрігерлермен бірге елдегі 6 медициналық жоғары оқу орнына барып қайтты. Жыл басында маман тапшылығы 283 адамды құраса, атқарылған жұмыстың нәтижесінде өңірге 180-нен астам дәрігер тартылды. Мамлют ауданына оның алтауы ғана келді. Салаға маман тарту ісі келесі жылы да жалғасады.

Жұмыс сапарының соңында өңір жетекшісі Мамлютка қаласындағы орталық аудандық ауруханаға барды. Мұнда Айдарбек Сапаров жаңа техникамен танысты. Медициналық мекеме өткен жылы 82 млн теңгеге бірқатар заманауи техникамен жабдықталған.

ЛЮФТ
 – За счет собственных средств мы закупили детальный аппарат. Это для того что бы делать снимки и детям и взрослым.
– Хорошо

Орталық аудандық аурухананың директоры Карина Граувергтің айтуынша, келесі жылы тағы 2 аппарат алу жоспарда бар. Оған қоса, медициналық мекемеде келесі жылы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр.

КАРИНА ГРАУВЕРГ, Мамлют аудандық орталық ауруханасының директоры:
–  Ауданда 21 медициналық және 6 фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Солардың бірнешеуінде жөндеу жұмыстары келесі жылы бастау алады. Оған қоса 2024 жылы Новомихайловка ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салынады.

Тағы бір жағымды жаңалық келесі аптада аудандық ауруханаға көптен күткен жедел жәрдем көлігі жеткізіледі.