Қоғам

Бас партия жылды қорытындылады

 

Бүгін “AMANAT” партиясы облыстық филиалының кезектен тыс XXXIV конференциясы өтті. Жиында биыл атқарылған іс пен келер жылға жоспарлар жіпке тізілді. Күзде кезектен тыс Президент сайлауы өтіп, мемлекет басшысын сайладық. Аталған барлық науқаннан “AMANAT” мүшелері шет қалған жоқ. Сайлау мен дауыс беру алдындағы жұмыстарға азаматтар белсенді қатысты. Биыл ұйым ішінде де өзгерістер орын алды. Наурыздың 1-ші жұздызында партия атауы “Nur Otan”-нан “AMANAT”-қа ауысты.

ӘСЕМ РАХМЕТОВА, “AMANAT” партиясы СҚОФ атқарушы хатшысы:
– Партияның атауы ғана өзгерген жоқ, жұмысы қайта жанданды. Бұл ең алдымен бастауыш партия ұйымдарына әсер етті. Олар нығайып, ірілендірілді. Қазіргі таңда мұндай ұйымдардың саны 245-ті құрап отыр. Оларға облыста 28 мыңнан астам адам мүшелік етеді. 751-і мүшелікке биыл қабылданды.

Жиында партия филиалы жанынан құрылған қоғамдық кеңестердің жұмысы сөз болды. Халықтың мұң-мұқтажы тыңдалатын алаңда
539 мәселе қаралып, 900-ге тарта ұсыныс жасалған, барлығы 276 отырыс өткен. Жиында қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жангелді Тәжин
аманаттықтарға жастарға қатысты ұсынысын білдірді.

ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
–  Халықтың рухани азып-тозуы ешқашан да жақсылыққа әкелмейді. Қазіргі замандағы теледидар, цифрлық технологиялардың жетістіктері жастарға басқаша әсер етуде. Санасы бекімеген ұл-қыздарға теледидар мен әлеуметтік желілер кері әсерін тигізуде. Халықтың рухани байлығы мен жетістіктерін ұмытып барамыз. Бұл – қоғаммен атқарылатын жұмыс. Ең алдымен жанұядан басталады. Одан кейін мектеп пен қоғамдық ұйымдар да бұған ат салысулары керек.

Жиын барысында партияның облыстық филиалының төрағасы сайланды. Бұл қызметке ұйымның атқарушы хатшысы Әсем Рахметова лайықты деп танылды.