Құқық қорғау органдары

4 күнде 13 мас жүргізуші ұсталды

Өңірде рөлге мас күйде отыру тыйылмай тұр. Полиция қызметкерлері 4 күнде осындай әрекетке барған 13 адамды ұстады. Тәртіп сақшылары облыста “Мас жүргізуші” жедел-алдын алу шарасын өткізіп жатыр.
Оған 400-ге жуық маман жұмылдырылған. Профилактикалық рейдтер тәулік бойы жүргізіледі. Шара барысында жол ережесін бұзудың мыңнан астам фактісі тіркелді. 100-ден астам жағдайда қауіпсіздік белдігі тағылмаған. 70-тен астам адам жылдамдықты асырып, 60-тан астамы көлік құралын құжатсыз басқарған. Соңғы 11 ай ішінде облыста мас жүргізушілердің кесірінен 30-ға жуық апат болды. Салдарынан 6 адам қаза тауып, 27 адам жарақат алды.