Құқық қорғау органдары

«102» желісіне үш күнде 600-ге тарта қоңырау келіп түскен

 

 

Облыста «102» желісіне үш күн ішінде 600-ге тарта қоңырау келіп түскен. 18-і жедел тексерілген. Оның 8-і – ұрлық, 7-еуі дене жарақатын келтірумен байланысты болған. Сонымен қатар, отбасылық дау-дамайға қатысты 10 қоңырау, түнде тыныштық бұзылды деген 2 қоңырау соғылыпты. Бұл күндері патрульдік полиция батальоны да күшейтілген режимде жұмыс істеді. Мамандар жолдардағы қауіпті деген учаскелерді, адам көп жиналатын орындарды ерекше назарда ұстады.