СҚО әкімдігіАптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі Есіл ауданының даму қарқынын бағамдады

 

 

Сенбі күні облыс әкімі Есіл ауданында болды. Бірінші болып Айдарбек Сапаров Покровка ауылында орналасқан Ж.Қизатов атындағы жоғары ауылшаруашылығы колледжіне бас сұқты. Жыл сайын бұл мекеменің тегеуріні артып келеді. Ол үшін мемлекеттен қомақты қаражат бөлінуде. Мәселен, былтырдың өзінде колледжге 317,5 млн теңге бағытталыпты. Бұл сомаға білім ошағының қабырғасында шағын сүт зауыты ашылып, бірнеше заманауи техника сатып алынған. “Жас маман” республикалық жобасы аясында мал союға арналған модульдік пункт құрылыпты. Студенттер мұнда 2-ші курстан бастап тәжірибеден өтеді.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
–  Көп жерде кабинетте плакаттардың көмегімен көрсетеміз. Бұдан келер пайда аз. Ал мынау пункт тәжірибе жинақтауға керемет екен.

Осындай әдіспен дайындалған кадр да тәжірибелі болады. Облыс әкімі Айдарбек Сапаров бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет екендігін айтты.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Государство готовит, госзаказ есть, стипендии получают, они должны вернуться в хозяйства и работать ветеринарами, зоотехниками, агрономами.

Кейі облыс әкімі Явленкаға ат басын бұрды. Мұндағы бірінші объект – “Егін” серіктестігінің диірмен кешені. 2011 жылдан бастап бұл жерде облыста аумағында ең арзаны болын саналатын макарон өнімдері шығарылады. Ағымдағы жылы серіктесік жұмысшылары 3465 тонна ұн және 744 тонна макаорон әзірлеген. Айта кетейік, қазіргі таңда серіктестікте 45 жан еңбек етеді.

ВЛАДИМИР ЧУБЫКИН, “Егін” ЖШС директоры, Есіл ауданы:
–  Тауарларымыз Түркіменстанға жеткізіледі. Жергілікті нарықта да сатамыз. Төмен бағамен тұрақтандыру қорына да өткіземіз.

Есіл ауданына жасаған жұмыс сапары барысында өңір жетекшісі Явленкадағы орта мектепте де болды. Іргесі 70-шы жылы қаланған білім ұясында қазір 600 бала білім алады. Соңғы рет мұнда 2019 жылы жөндеу жүргізілген. 29 млн теңгеге жуық қаржыға есік-терезелері ауыстырылыпты. Енді мекеменің жылыту жүйесі мен кабинеттер жөндеуді қажет етіп тұр.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
–  Аудан орталығындағы мектепті қолдау қажет. Мекеменің келешегі бар. 

Бұдан кейін Айдарбек Сапаров тұрғындармен жүздесті.
Ең алдымен сөз басқарма басшыларына берілді. Бірінші болып облыстық білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков сөз алды.

НӘЗІР ЖӘШІБЕКОВ, СҚО білім басқармасының басшысы:
–  Биыл Есіл ауданындағы білім беру мекемелерінің материалдық әл-ауқатын арттыруға 50 млн теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 9 мектепке жылу қазандығы сатып алынды. 2 мектепте 1 пәндік кабинеттен ашылды. 6 млн теңгеге түрлі жабдықтар алынды. Жалпы, соңғы жылдары ауданда 24 білім ұясы жөндеу көрді. Оған 926 млн теңге жұмсалды. Мектептер оқулықтармен 100%-ға қамтамасыз етілген.

Жергілікті оқушыларға білім алу үшін жайлы жағдай жасалған. Біра, түлектердің ҰБТ-дағы нәтижелері көңіл көншітпейді. Аудан бойынша орташа бал – 72,6. Яғни, облысымыздағы орташа нәтижеден 2 ұпайға төмен.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
–  Осыдан бір-екі күн бұрын Уәлиханов ауданында болдым. Ондағы орташа бал 80-нен асады. Жағдайлары сіздікілерден кем болмаса, артық емес. Оқушылардың білім деңгейі не себепті төмен? Мұғалімдер мен директорлар өз жұмыстарын дұрыстап орындаулары қажет. Білім беру сапасын назарда ұстаңыздар.

Ауылды жерде білікті медицина маманы тапшы. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Құмар Күсемісовтың айтуынша, ауданда 9 маман жетіспейді.

ҚҰМАР КҮСЕМІСОВ, СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
–  Ауданға 9 ақхалатты жетіспейді. Олар: жалпы тәжірибедегі дәрігер, онколог, фтизиатр, мамолог инфекционист, офтальмолог, эндокринолог, психиатр, нарколог және отоларинголог сынды мамандар.

Мамандардың жоқтығынан тұрғындар таршылық көруде. Біреуіне көріну үшін қалаға ағылып уақыт жоғалтады.

Ертай Оспанов – Есіл ауданының тұрғыны
– Келер жылы офтальмолог бола ма біздің ауданда? Приходится ездить в областной центр, высиживать очереди большие. За один день не управляемся. Приходится тратить два дня.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
–  Облыс орталығына барған аудан тұрғындары үшін кезекті басқаша құру қажет немесе бір күнді белгілеу қажет. Сол күні облыс орталығынан офтальмолог келіп, жергілікті ағайынды қабылдасын. Ол жайлы барлық тұрғындар құлағдар болуы қажет. Бұл бағытта аудан және округ әкімдері жұмыс істеуі қажет. Ағайынға қажетті медициналық көмек көрсетілуі керек.

Жиында жол мәселесі де көтерілді. Биыл Есіл ауданындағы трассаларды жөндеуге 1,7 млрд теңге бағытталған. Төселген асфальтті енді күтіп-ұстау керек. Қыруар қаражат бөлінген жолмен ауыр техникалар өтіп, еңбек зая кетпеуі керек деді Айдарбек Сапаров.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
–  40 тонналық көліктер жүріп жолды бұзады. Оларға айналма жол істеу керек. Амалдың жоқтығынан сол аралықпен өту қажет болса, онда көліктің салмағын білу керек. Бұл бағытта көлік инспекциясы, аудандық ішкі істер бөлімі және жергілікті атқарушы орған тығыз жұмыс істеуі қажет.

Жиыннан кейін облыс әкімі жеке қабылдау өткізді. Айдарбек Сапаровқа Амангелді орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі Индира Жұмағалиева жүгінді. Нәзікжанды өңір жетекшісінен білім ұясының жөндеуге жәрдем беруді сұрады. Айдарбек Сейпілұлы бұл бұйымтайдың назардан тыс қалмайтынын айтты.