Қоғам

Тәуелсіздік құрдасы

 

Петропавлдағы учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Жасұлан Шәмшуәлиев – Тәуелсіздіктің құрдасы. Маман колледжді бітіріп, әскерден келгеннен кейін 2011 жылы ішкі істер органдарына жұмысқа тұрған. Еңбек жолын туған жері Уәлиханов ауданынан бастапты. Онан соң облыс орталығына ауысқан.

ЖАСҰЛАН ШӘМШУӘЛИЕВ, қалалық ПБ учаскелік полиция инспекторының көмекшісі
– Осы қалаға ауысып келгенде наставнигім учаскелік полиция инспекторы Серік Нұрқанұлы Әубәкіров болды. Жақсы адам, 17 жылдық тәжірибесі бар. Жұмыстың қыр-сырын үйретті. Сол кісі мені жұмысқа үйретті.

Жасұлан Шәмшуәлиев жұмысында айтарлықтай қиындықтар туындамайды дейді. Негізінен, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас саласына қатысты шағымдар түседі екен. Жанұядағы жанжалдар ішімдіктің салдарынан орын алатын көрінеді.

ЖАСҰЛАН ШӘМШУӘЛИЕВ, қалалық ПБ учаскелік полиция инспекторының көмекшісі
–  Жұмыста профилактикамен айналысамыз. Ішімдік ішетін адамдардың туыстары арыз жазады. Сол арыз бойынша маскүнемдіке салынған адамдарды Благовещенка ауылына емделуге жібереміз.

Тәртіп сақшысы интернет-алаяқтықтың алдын алу шараларына да ат салысады. Тұрғындармен жүздесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.