Қоғам

Jusan Bank кәсіпкерлерге арнап акция өткізуде

 

Бизнеске арналған автокөлікті ұтып ал! Дәл осындай атаумен “Jusan Bank” кәсіпкерлерге арналған акция өткізіп жатыр. Оған қаржы ұйымының бизнес-клиенттері қатысуда. Қарашаның 14-і күні бастау алған акция қаңтардың 8-іне дейін жалғаспақ. Науқан аясында әр екі апта сайын жаңа үлгідегі IPhone 14 смартфоны ойнатылуда. Ұтысқа барлығы – 56 ұялы телефон қойылды. Жуырда оның 2-еуі петропавлдық кәсіпкерлерге бұйырды.

700 мың тұратын смартфонның бірін “Есіл Құрылыс Заттары” серіктестігі жеңіп алды. Кәсіпорын бұл қаржы ұйымымен 2 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істейді.

 Динара Омарова, “Есіл Құрылыс Заттары” ЖШС өкілі
 – Біздің серіктестік бұл акцияға қатысу үшін Jusan Business интернет-банкинг жүйесін қолданып, тиісті шарттарды орындаған болатын. Нақтырақ айтқанда, біз 5 тапсырманың 3-еуін орындадық. Яғни, аударымдар жасадық, терминал арқылы төлемдер жасап, “Өз пакетіңізді жинаңыз” қызметіне қосылдық. Нәтижесінде қымбат смартфонды жеңіп алдық.

Екінші смартофон жергілікті «Уют-Премиум» серіктестігіне бұйырған. Компания құрылыспен айналысады. Аталған ұйымның қызметкерлері “Jusan Bank” арқылы ай сайын жалақы алып тұрады.

 Вячеслав Кириенко, «Уют-Премиум» ЖШС директоры
 – Бір жылға жуық осы банкпен жұмыс істейміз. Қаржы ұйымының шарттары біз үшін өте ыңғайлы әрі қызметтері де қолжетімді. Оған қоса банк кәсіпкерлер үшін жыл сайын акция ұйымдастырып тұрады. Осы жолғы науқанда біздің жолымыз болып, қымбат ұялы телефон ұтып алдық. Енді ұтып алған смартфонды өзімнің қызметкерлерімнің арасында ойнатпақшымын.

Сәттілікті серік еткен жергілікті іскер жандар алдағы уақытта ойнатылатын супер жүлдені де жеңіп алуға ниетті. Ол – 25 млн теңгенің автокөлігі. Науқанның негізгі жүлдесі – Hyundai Staria автокөлігі. Сонымен, көптің арманына айналған көлік пен қымбат смартфонды ұтып алу үшін не істеу қажет?

Графика
1. Ағымдағы шоттан теңгеде және/немесе шетел валютасында басқа клиенттің шотына аударым немесе төлем жасау;
2. Корпоративтік, жеке кәсіпкер картасын пайдалана отырып, шоттан басқа клиенттің карталық шотына аударым немесе төлем жасау;
3. “Өз пакетіңізді жинаңыз” қызметіне қосылу.
4. Төлемдерді Jusan Tole MPOS/SmartPOS арқылы төлем қабылдау.
5. Өз бизнесіңізді дамытуға немесе басқа да мақсаттарға онлайн несие алу.

 Әлия Қанапинова, “Jusan Bank” АҚ СҚОФ бөлшек бизнес жөніндегі директоры
 – Науқан барысында осы шарттардың біреуін немесе бірнешеуін интернет-банкинг арқылы орындау керек. Барлық сыйлықтар банктің Instagram желісіндегі ресми парақшасында ойнатылады. Жеңімпаздар кездейсоқ сандар генераторы арқылы таңдалады.

Айта кетейік, “Бизнеске арналған автокөлікті ұтып ал” атты акциясының басты жүлдесі қаңтардың 11-і күні ойнатылмақ.