Қоғам

Аяқ киім жәрмеңкесі қысқы топтамамен толықты

 

Жеңіл, ыңғайлы, түрлі түсті, ұзынды-қысалы, ең бастысы, қолжетімді бағамен. Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі жаңа қысқы топтамамен толықты.

АЛЁНА СОТСКОВА, сату жөніндегі менеджер:
–  Тауардың басым бөлігі ортопедиялық. Бақай сүйегі шығыңқы келген жандар үшін өте ыңғайлы. Табаны жұмсақ. Әйелдерге арналған аяқ киімнің өлшемі 36-дан 44-ке дейін, ал ерлердікі 40-тан 49-ға дейін. Жалпы, біздің өңімдеріміз солтүстікқазақстандықтар арасында жоғары сұранысқа ие.

Жәрмеңкеде жоғары буын өкілдері де, жастар да өз талғамына сай аяқ киім таба алады. Сату жөніндегі менеджер Алена Сотскованың айтуынша, бүгіннің өзінде 50 адам аяқ киім сатып алыпты. Беларусь елінде тігілген аяқ киіммен аяқтарыңыз тоңбайды дейді.

Тұрғындар қажетті тауарды Жамбыл көшесі, 82а мекенжайы бойынша орналасқан «Теннис» орталығының екінші қабатынан таба алады. Жәрмеңке тағы 10-нан кешкі 19:00-ге дейін жұмыс істейді.