Құқық қорғау органдары

2 күн ішінде көлігін мас күйде басқарған 7 жүргізуші ұсталды

 

Өңір жолдарында ішімдік ішіп алып, рөлге отырған 7 жүргізуші ұсталды. Бұл жайттар «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында әшкере болды. Көлікті масаң күйде басқарғандар 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Жалпы, өңір полицейлері жыл басынан бері ащы суды ұрттап алып, көлік тізгіндеген мыңнан астам жүргізушіні құрықтаған. Сондай-ақ, 11 айдың ішінде облыс аумағында мас күйде жасалған қылмыстардың саны 500-ге жуықтайды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері еріктілермен бірлесіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шараларды күшейтіп жатыр.

Рустам Садулов, қалалық ПБ ЖПҚБ бастығы
 – Рейдтік іс-шара барысында учаскелік инспекторлар мен еріктілер топ-топқа бөлініп, азық-түлік дүкендерін аралады. Сатушыларға жадынама қағаздарын таратып, түнгі уақытта спирттік ішімдікті және кәмелетке толмағандарға темекі сатуға болмайтынын еске салды. Осыған қатысты жыл басынан бері 110 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. 36 кәсіпкер лицензиясынан айырылды.