Қоғам

Петропавлда Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі өтеді

 

Сапалы және қолжетімді бағамен. Облыс орталығында ертең Беларусь фабрикаларында тігілген аяқ киімдердің жәрмеңкесі бастау алады. Жәрмеңкеде жұртшылық назарына мыңнан астам тауар түрі ұсынылады.
Тауардың барлығы сапалы материалдан тігілген әрі әрқайсысы ыңғайлы етіп әзірленген.

АННА ЛАЗИНСКАЯ, сату жөніндегі менеджер:
– Біздің аяқ киімдеріміз таза былғарыдан тігілген. Сапасы жоғары. Біз жәрмеңкеде ерлер мен әйелдердің аяқ киімін ұсынбақшымыз. Тауардың басым бөлігі ортопедиялық. Жалпы, біздің өнімдеріміз солтүстікқазақстандықтар арасында жоғары сұранысқа ие.

Әйелдерге арналған аяқ киімнің өлшемі 36-дан 44-ке дейін, ал ерлердікі 40-тан 49-ға дейін. Тұрғындар қажетті тауарды Жамбыл көшесі, 82а мекенжайы бойынша орналасқан “Теннис” орталығының екінші қабатынан таба алады. Жәрмеңке таңғы 10-нан кешкі 19:00-ге дейін жұмыс істемек. Айта кетейік, шаһарда беларустық аяқ киімдердің сатылымы желтоқсанның 19-ына дейін жалғасады.