Қоғам

Облыстық мәслихаттың сессиясы өтті

 

Заңнамадағы өзгерістерге сай енді тұрақты сипаттағы шығындар бұрынғыдай республикалық трансферттер қаржысынан емес, жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылмақ. Ол үшін арнайы резерв көзделген.

 НАТАЛЬЯ ДЫШКАНТ – СҚО қаржы басқармасының басшысы
–  “Жергілікті бюджет кірістерінің есебінен 2% мөлшерінде қосымша резерв көзделген. 2023 жылы жалпы облыс бойынша резерв сомасы – 1 млрд 697 млн теңге, 2024 жылы – 1 млрд 831 млн теңге, ал 2025 жылы 1 млрд 973 млн теңгені құрайды”.

Депутаттар жобаны бірауыздан қолдап, онда барлық қажеттіліктер ескерілгендігін айтты және ол өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қолайлы екендігін тілге тиек етті.

АЛЕКСАНДР КАСЬЯНЕНКО – облыстық мәслихат депутаты
– “Жыл сайын бюджетті қалыптастыру процесі ашық бола түсуде. Өйткені, қаржы туралы құжат ең алдымен қоғамдық кеңестің отырысында қаралады. Кейін депутаттар бюджет жобасын облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында талқылайды. Яғни, барлығының пікірі ескеріледі. Қазақстан Республикасының заңнамасынада осындай мүмкіндік беріліп отырғаны жақсы болды”.

Ендігі депутаттардың міндеті – бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету.