Денсаулық сақтау

Фельдшерлер арасында жарыс өтті

 

«Үздік фельдшер» байқауының алдымен қалалық кезеңі өтті. Кейін жеңімпаздар мен аудандардың фельдшерлері жиналып, екі күн бойы біліктіліктерін сынға салды. Жарысқа жалпы қала және аудандардан барлығы 2 адамнан құралған 16 құрама қатысқан. Облыстық жедел медициналық көмек көрсету орталығы директорының міндетін атқарушы Юрий Белоногтың айтуынша мұндай байқаулардың білікті маман тәрбиелеуде маңызы зор.

ЮРИЙ БЕЛОНОГ – облыстық жедел медициналық көмек көрсету орталығы директорының міндетін атқарушы

– “Бұндай идея жазда республикалық байқауға қатысқаннан кейін пайда болды. Облыс көлемінде неге осындай байқау өткізбеске? Қыркүйекте іс-шара жоспарын құрып, іріктеу өткіздік. Ең алдымен мамандардың біліктілігі мен өз ісіне деген шеберлігі қаралды. Теориялық тұрғыдан да сынадық. Фельдшерлер практика бойынша 4 бағытта сынға түсті”.

Қалалық фельдшерлер арасында өткен байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Григорий Кресс пен Вадим Бойко иеленді. Григорий осы салада 9 жылға жуық уақыт қызмет етеді. Оның айтуынша жарыс жоғары деңгейде өтті.

ГРИГОРИЙ КРЕСС – фельдшер, Петропавл қаласы
– “Осындай байқау облыс бойынша алғаш рет өтіп жатыр. Нәтижесі қуантарлық. Бәрінің дайындығы жоғары. Бастысы, әр қатысушы өзінің білікті маман екендігін дәлелдей білді”.

Ал аудандар арасында бас жүлдені Айыртау ауданының фельдшерлері Салтанат Абдуллаева мен Әділет Советов жеңіп алды.

ӘДІЛЕТ СОВЕТОВ – фельдшер, Айыртау ауданы каз синхрон 
– Конкурс бізде өте жақсы өтті. Біз бәріне ризамыз. Байқауға қыркүйек айынан бастап дайындалдық. Сол кезден бастап материалдар берді дайындалуға.

Жеңімпаздарға алғыс хаттар мен 150-350 мың теңгенің сертификаттары табыс етілді. Алда бұл байқау орталықтың дәстүрлі іс-шарасына айналмақ.