Қоғам

Елде жеке кәсіпкерлердің саны өсуде

Елде жеке кәсіпкерлердің саны артуда. Өткен жылмен салыстырғанда биыл іскер азаматтардың қатары 28,5%-ға өскен. Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәліметке сүйенсек, бүгінде елде 1,4 млн жеке бизнес субъектісі бар. Жеке кәсіпкерлер Алматыда көп. Мұнда 190 мыңнан астам іскер жан бар. Екінші орында – Түркістан, ал үздік үштікті елорда түйіндеп тұр. Өңірімізге келер болсақ, Солтүстік Қазақстан облысында 26 мыңға жуық адам бизнес тұтқасын ұстап отыр. Айта кетейік, еліміздегі бизнес субъектілердің дені сауда-саттық, ауыл шаруашылығы саласы мен жылжымайтын мүлік, көлік және қоймалаумен байланысты.