Мәдениет

“Таңшолпан” фестивалі өтті

 

 


Вокал, хореография және халық аспаптары. Барлығы – 3 номинация. Тәуелсіздік күніне орай Петропавлда “Таңшолпан” облыстық фестивалі өтті. Конкурсқа өңірдің түкпір-түкпірінен келген өнерпаздар жиналған. Солардың бірі – Дамира Тоқжанова. Бұрымды Уәлиханов ауданынан келіпті. Сөзінше, 6-сыныптан бастап домбырада ойнайды екен. Фестивальде халық аспаптары номинациясы бойынша өнер көрсетті. Айта кетсек, байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

САЯН ЕРМЕК, облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының бөлім меңгерушісі:
– 6 ауданнан және Петропавлдан қатысып отырған ұжымдарымыз бар. Осы фестиваліміздің басты мақсаты – қазақ мәдениетін дамыту.