Құқық қорғау органдары

Такси жүргізушісі 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

 

Өзінің ғана емес, өзгелердің де өміріне қауіп төндірген мас такси жүргізушісі 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Жуырда полиция қызметкерлері Жамбыл ауданында такси белгісі бар «Skoda» автокөлігін тексеру үшін тоқтатқан. Жүргізушіден ішімдіктің иісі мүңкіп тұрған. Ер адамның мас екені көзге көрініп тұрса да тағы бір мәрте медициналық куәландырумен расталды. Ащы суды ішіп алып, рөлге отырған 43 жастағы теріскейлік 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Бұл оқиға «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды.

Баян Байғаскина – СҚО ПД ЖПҚБ қызметінің аға инспекторы
– Облыс аумағында ағымдағы жылғы желтоқсанның 5-інен 11-іне дейінгі аралықта «Автобус» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілуде. Аталған іс-шараны жүргізу барысында полиция қызметкерлерімен жолаушыларды тасымалдайтын көліктердің техникалық және санитарлық жағдайы тексерілуде. 

Республикалық «Автобус» жедел-алдын алу шарасы жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған. Тағы акция барысында қоғамдық көліктің техникалық жағдайына да баса мән беріледі.

ЛЮФТ:
– Сиденья не должны быть порваны, иметь опрятный вид. Если так написано, мы согласно этого стандарта и работаем. 

4 күнде қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан 400-ден астам түрлі бұзушылық анықталды. Маневрді дұрыс жасамау, рөлде отырып телефонмен сөйлесу жағдайлары болған. Көлікті техникалық тексерістен өткізбегені үшін – 28, заңсыз қайта жабдықтағаны үшін 7 адам жазаға тартылды. Тіпті, бір автобусты қоғамдық көлік ретінде пайдалануға тыйым салынды. Автобус паркінің 2 өкілі жауапкершілікке тартылды.


Дана Ешкенова