Қоғам

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Демалыс күндері шаһардың 3 бірдей базарында сауда қызды. Петропавлдықтар үшін бұл жолы 6 ауданның тұрғындары 5 тонна табиғи таза өнім әкелген. Қызылжар ауданының тұрғыны Антанина Дудкина “Қызылжар” коммуналдық базарында балғын бал саудалады. Әр өнім алдына нәзікжанды оның пайдасы мен құрамын жазып қойған.

АНТАНИДА ДУДКИНА, Бескөл ауылының тұрғыны, Қызылжар ауданы:
–  Балдың келісін 2 мың-2 жарым мың теңгеден сатып жатырмын. Балды өзіміз жинадық. Оның, әсіресе, қыстыгүні пайдасы зор. Менің өнімімді тұтынатындардың дені – зейнеткерлер.

Жәрмеңкеге ауылдан жұмыртқаның ондығы 650 теңгеден ұсынылды.
Қаздың бір келісі 2,5 мың теңгеден сатылды. Қой еті – 2100, сиырдыкі 1800 теңге тұрады.

БЛИЦ:
–  Жәрмеңке жақсы өтіп жатыр. Бағалары қолжетімді.
– Май, ірімшік алдым. Енді қаз алып жатырмын.
–  Әр сенбі сайын келемін. Бүгін қаз, жылқы етін және май алмақпын.

Жалпы, осы жолғы жәрмеңкеге 20-дан астам тауар түрі жеткізілген.

МЕЙРАМ МЕҢДІБАЕВ, СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:
– Осы жылы қаламызда 87 жәрмеңке өтті. 180 млн теңге өнім сатылды. Бұндай жәрмеңкелер Петропавлда апта сайын өтеді.

Айта кетейік, мұндай жәрмеңкелер әлеуметтік тұрғыда осал топқа жататын жерлестерімізге арналып өткізіледі екен.

 

Алдияр Айтпаев