Kurultai banner mobile

Құқық қорғау органдары

15 солтүстікқазақстандықты сан соқтырған қу жігіт сотталды

 

 

 


Адамдарды алдау арқылы ақша тапқан алаяқ сотталды. Жазда
облыс полицейлерінің құрығына 35 жастағы көкшетаулық түсті. Ол тұрғындарды жүргізуші куәлігін арзан бағамен істеп беремін деп сендірген. Артынша ақшаны қалтаға басып, ізім-ғайым жоғалған. Жалпы, айлакердің қармағына 16 бірдей адам ілігіпті. Оның 14-і – тайыншалық, 1-еуі – Ақжар ауданының тұрғыны, ал соңғысы – көкшетаулық. Жақында суайтқа қатысты сот шешімі шықты. Оңай жолмен пайдаға кенелген көрші өңірдің тұрғыны 3 жылға бас бостандығынан айырылды.