Құқық қорғау органдары

Жанжалқұмар жандарды тәртіпке шақыру

“Ауру қалса да әдет қалмайды” демекші, өзіне ғана емес, өзгеге де зиян келтіретін әдеттен арылу керек. Полиция қызметкерлері “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы аясында отбасының берекесін қашырудан жалықпайтын жандармен жүздесті. Оларды тәртіпке шақыру мақсатымен сабақ ұйымдастырды. Шараға білікті клиникалық психолог шақыртылды.

Маман тұрмыстық жандалдың туындау себебін түсіндіріп, отбасында ортақ тіл табу, эмоционалдық көңіл-күйді тұрақты ету турасында дәріс оқыды.

Резеда Баймухаметова – клиникалық психолог:

  – “Аналар кеңесі” мен полиция департаменті арасында жасалған меморандум аясында тәртібі нашар тұрғындарға дәріс оқыдық. Мақсат – оларды түзу жолға салу. Айтылған дүниені ұйып тыңдады. Келешекте өмірлерін өзгертіп, абыройлы азамат болады деген үміттеміз.

Гульден Симбаева