ТЖ

Петропавлда көлік өртеніп, бір адам ауруханаға түсті

Петропавлда өндірістік кооператив аумағындағы бокста тұрған “Ауди-89” маркалы көлік өртеніп кетті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына дереу жетті.

Мамандар барғанда машина лаулап жанып жатқан. Салдарынан 62 жастағы ер адам қол және бет жарақатымен ауруханаға түсті. Көліктен түк қалған жоқ, бокс ғимараты бүтін. Өртті сөндіруге 20 адам мен 7 техника жұмылдырылды. От қозғалтқыш бөлігіндегі қысқа тұйықталудан тұтанған. Шығын көлемі есептеліп жатыр.

 

 

 

Данаш Хамзина