БілімБалалар

Оқушылар арасында “Жұлдызды жақ” байқауы өтті

Ортада «Diamonds» би ансамблі өз өнерлерін паш етуде. Балалар жылына арналып №42 орта мектебінде мектепішілік «Жұлдызды жақ» байқауы өтті. Мұнда балалар ән айтып, би билеп, өлеңдерін оқуда. Таисия Никонова – «Diamonds» би ансамбілінің мүшесі. Ол бүгінгі шараға құрбысын қолдай келген.

Таисия Никонова, оқушы:

– Маған би билеген өте қатты ұнайды. Тобымызбен америкалық би биледік.

Жалпы, сайыста 70 оқушы өнер көрсетті. Гүлдана Даниярқызы көреремендерге үнді биін ұсынбақ. Айтуынша, бұл байқауға қатысуға анасы септігін тигізген.

Гүлдана Даниярқызы, оқушы:

– Үнді биін билеймін. Дайындалуыма 1 күн ғана кетті. Үстімдегі киімімді анам қолдан тікті. Бұны тігуге 2 күн кетті.

Шарада балалар 5 номинация бойынша бақтарын сынауда. Оқушылардың, әсіресе, ән мен би номинациясына жақсы дайындалғандары көрініп-ақ тұр. №42 орта мектебінің директоры Бекайдар Шалахаевтың айтуынша оқушылар түрлі іс-шараларға белсенді қатысады.

Бекайдар Шалахаев, №42 орта мектебінің директоры:

– Балалардың белсенділігі өте жақсы. Спорт, ән, би, күй болсын балалар үлкен жетістіктерге жетуде. Мектептің атын паш етіп жүр. Облыстық, республикалық көлемде қатысып жүрген оқушыларымыз көп.

Айта кетейік, іс-шара қалалық Жастар ресурстық орталығының мамандарымен бірлесіп өткізіліп отыр. Белсенді жандар білім беру мекемелерінде түрлі конкурс, фестиваль, флешмобтарды жиі өткізуді жоспарлап отыр.

 

Гульден Симбаева