Құқық қорғау органдары

10 тонна бидай ұрлаған ұрылар ұсталды

Астық ұрлау фактісі Есіл ауданында тіркелді. Біреу кәсіпорын қоймасының құлпын бұзып, ішіне «КамАЗ»-бен кіріп, 10 тонна бидайды қолды қылып кеткен. Шығын көлемі 1,5 млн теңгеден асады. Ұрлық аудандық полиция қызметкерлері арнайы жүргізген жедел іс-шарасы барысында анықталды. Астықтың иесі бұл ұрлық жайлы полиция қызметкерлерінен бір-ақ білген. Қызылжар ауданының 29 жастағы тұрғыны ұрлыққа бір өзі бармаған. Оның жақтастары да анықталды. Аталған факті ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі – «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

 

 

 

Данаш Хамзина