Қоғам

Президент бизнесті тексеруге мораторий мерзімін ұзарту туралы жарлыққа қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев бизнесті тексеруге мораторий мерзімін ұзарту туралы жарлыққа қол қойды. Президент орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеруді және профилактикалық бақылауды барып жүргізуді тоқтатуды тапсырды. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерулер өз күшінде қала бермек. Жарлық келесі жылдың қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.