Құқық қорғау органдары

Петропавл тұрғыны үйінің ауласында көп көлемде заңсыз спирт сақтаған

Жұмысшы кентінде тұратын 61 жастағы ер адамның үйінің ауласынан акциздік маркасы жоқ 4 мың қорап темекі мен 1700 литрден астам арақ пен коньяк табылды. Арасында таза спирт те бар. Табылған дүниенің барлығы тәркіленіп алынып, сараптамаға жіберілді. Ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-ші бабы заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу фактісі бойынша материал жиналды. Қазіргі уақытта тәркіленген өнімнің қайдан алынғандығы және өткізу жолдары анықталып жатыр.

 

 

Самал Жунусова