Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі Мемлекет басшысының қабылдауында болды

Облыс әкімі Мемлекет басшысының қабылдауында болды. Президентке Айдарбек Сапаров өңірді дамыту жоспарын, атап айтқанда, инвест жобаларды жүзеге асыру және өңірде жылу маусымының өтуі, инфрақұрылымды дамыту бойынша баяндама жасады. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі жүктеген тапсырмаларының орындалуы да сөз болды. Кездесу соңында Мемлекет басшысы барлық облыс әкімдеріне өңірлерді одан әрі дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешенді жан-жақты қолдап, инфрақұрылымды жаңарту қажеттігін тілге тиек етті. Тағы көлік-логистика саласын дамыту мен ауылдарды жаңғыртуды қамтамасыз етудің маңыздылығы да аталып өтілді.

Айдарбек Сапаров, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Бүгін мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қабылдауында болдым. Облыстың жағдайы туралы қысқаша баяндап бердім. Бүгінгі күні облыстың жағдайы тұрақты. Жұмыстар жүргізіліп жатыр. Президент біраз инвесторларды облысқа шақырып жұмыс жасап, экономиканы көтеру керек деген тапсырма берді. Жоспар құрып, ары қарай жұмыс жасаймыз.

 

Алдияр Айтпаев