Құқық қорғау органдары

Үздік әскери қызметшілер марапатталды

Петропавлдағы 6637 әсери бөлімінде салтанатты іс-шара өтті. Онда үздік әскери қызметшілер мен сарбаздар марапатталды. Нұрболат Садықов – әскери бөлімдегі радиохимиялық қорғау взводының командирі. Жас маманның бұл салада қызмет етіп жүргеніне – 2 жыл.
Азамат жиында «үздік взвод командирі» деген атаумен марапатталмақ.

Нұрболат Садықов, 6637 әскери бөлімінің взвод командирі:

– 2016 жылы ҚР Ұлттық ұлан әсери академиясына оқуға түстім. 2020 жылы оқуымды аяқтадым. Қазіргі таңда 6637 әсери бөліміне взвод командирі лауазымына тағайындалдым. Біздің негізгі мамандығымыз қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету болып табылады.

Әскери қызметшілер 3 номинация бойынша марапатталды. Олар: “Үздік взвод сержанты”, “Үздік взвод командирі” және “Үздік әскери жасақ бастығы”. Әскери бөлімнің жедел мақсаттағы батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Уәлихан Жаукеновтің айтуынша мамандар өз міндеттерін мүлтіксіз орындайды.

Уәлихан Жаукенов, 6637 әскери бөлімі жедел мақсаттағы батальоны командирінің орынбасары:

– Батальонның бүкіл сарбаздары, сержанттары, офицерлері – барлығы да жауынгерлік дайындықтың үздігі болып табылады. Қаңтар кезінде жедел мақсаттағы батальон құрамында болып бүкіл жауынгерлік мақсатты орындап шықтық. Жауынгерлердің Отан алдындағы борыштары толықтай атқарылып жатыр.

Дәстүрлі шарада 75 әскери марапатталды. Шара соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.

 Гульден Симбаева