Көлік және жолдар

Жол үстіндегі қауіпті өткелдерге жаңа бағдаршамдар қойылды

Полиция департаментіне қарасты жол және техникалық инспекциясы бөлімінің қызметкерлері 11 айда өңір жолдарында 1600-ден астам тексеріс жүргізген. Нәтижесінде 2 мыңнан астам кемшілік анықталып, жауапты ұйымдарға 999 ұйғарым жолданыпты. Оның аясында ауқымды жұмыс атқарылған. Мысалы, республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда – 1300-ге тарта, ал Петропавл көшелерінде 328 белгі орнатылған. Сонымен қатар, жерасты коммуникацияларының 98 құдығына жөндеу жүргізілген. Бұдан бөлек, қауіпті жаяу жүргіншілер өткелінде 2 бағдаршам орнатылды. Олар республикалық маңызы бар “Жезқазған-Петропавл” автожолының 950 километрінде және қаламыздағы айналма жолдың 10 шақырымына қойылды.

Байболат Култанов