Аптадағы маңызды жаңалықтар

Жеңілдетілген автонесие беру келесі жылы да жалғасады

Ержан Мырзабаев жеке қабылдау өткізгеннен кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді. Соңғы уақытта облыс орталығындағы автобус паркінің 50 пайызға жаңарғаны белгілі. Ал қалған қоғамдық көліктер әлі де ескі. Еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрінің айтуынша, қолға алынған шаруа келешекте жалғасын табады.

Ержан Мырзабаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:

– Облыс әкімдігі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен бірігіп отандық техниканы жеңілдікпен сатып алуға арналған жобаны жүзеге асыруда. Тиісті қаражаттың бөлінуіне қарай тасымалдаушылар қоғамдық көліктерін жаңарта алады. Ол үшін ақша бағытталады. Жаз кезінде тұрғындардың саяжайларға қарай ағылатынын білеміз. Бұл ретте де қиындық туындап жатады. Енді қосымша маршруттар енгізілетін болады. Осы іске жергілікті атқарушы органдар жауапты.

Қойылған келесі сұрақ құрылыс саласына қатысты. Өңір бойынша коммерциялық тұрғын үй құрылысының негізгі үлесі Петропавлға тиесілі екенін білеміз. Әріптестеріміз жеке мердігерлерге мемлекет тарапынан қандай қолдау көрсетілетініне қызығушылық танытты. Вице-министр құрылысшыларға жер учаскелерін аукционсыз беру мәселесі қарастырылып жатқанынан хабардар етті.

Ержан Мырзабаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:

– Со стороны застройщиков должны быть строительные обязательства по реализации 50 процентов объемов жилья населению в пределах 260-300 тысяч тенге за квадратный метр.

Биыл Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы жүзеге асырылған болатын. Бұл мақсатқа «Жасыл даму» акционерлік қоғамынан 100 млрд теңге бөлінді. Осы орайда Ержан Мырзабаевқа жоба келесі жылы да күшінде қала ма деген сауал қойылды.

Ержан Мырзабаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:

– Бағдарламаның операторы – өнеркәсіпті дамыту қоры. Автонесиелеуді іске асыру мерзімі 30 жыл болады. Қысқаша түсіндіре кетейін. Көлік иелерінен келіп түскен қаржы қайтадан жоба айналымына жіберіледі.

Яғни, автосүйер қауым ендігі жылы да жеңілдетілген несиемен жаңа машина ала алады.

Алтынай Казиканова