Құқық қорғау органдарыЕрiктiлер

Полицейлер волонтерлерді марапаттады

Өңір полицейлері еңбегімен ерекшеленген белсенділерге алғыстарын білдірді. Халықаралық еріктілер күніне орай өңірдегі еріктілер ұйымдарының белсенділері облыстық полиция басшылығының алғыс хаттарымен марапатталды.

Полиция департаментінде өткен салтанатты шарада 10-нан астам жас марапатқа ие болды. Жас та болса олардың еңбегі ерен. Олар тәртіп сақшыларына бірнеше бағытта көмек көрсеткен. Соның бірі – жоғалған адамды іздестіру.

Қанат Айтбаев, СҚО ПД бастығының міндетін атқарушы:

– Жоғалған адамдарды іздеуге белсенді қатысасыздар. Пандемия кезінде де бірге жұмыс істедік.

«LIDER.KZ», «Ашық жүрек», «Қамқор», СҚО-ның іздеу жасағы, Петропавл қаласының жастар ресурстық орталығы. Осы және өзге де ұйым өкілдері биыл есірткіге қарсы күреске бағытталған 100-ге жуық шара ұйымдастырды. Наша жарнамаланған 60-тан астам жазбаның көзін жойған. Сондай-ақ, еріктілер іздеу жарияланған адам жайлы ақпар таратып, халық арасында сауалнама жүргізуге қатысады.

Самал Жунусова