Қоғам

Өңірде республикалық лекторий өтті

Петропавлда «Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту саласындағы қоғамдық құрылымдардың рөлі» атты республикалық лекторий өтті. Бас қосудың мақсаты – жұртшылық арасында қоғамдық келісім мен бірлікті қамтамасыз ету. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблясының өзге өңірлердегі өкілдері де қатысып, пікір алмасты.

Мария Татаренко, “Қоғамдық келісім” КММ басшысының орынбасары:

– Бұл іс-шара, яғни, бүгінгі лекторий тәжірибе алмасуға, өзекті идеяларды талқылап, дамытуға көмектеседі. Өзге облыстардан қонақтар келді. Барлығы белсенді. Мұндай байланыс еліміздегі ұлтаралық бірлікті сақтауға да оң әсер етеді.

Шараға арнайы келген қонақтардың бірі – «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ төрағасы Марат Қойшин. Ақмолалық азамат баяндамасында мемлекеттік тіл мәртебесіне басымдық беріпті.

Марат Қойшин, “Қазақ тілі мен мәдениеті” ҚБ төрағасы, Ақмола облысы:

Сондай-ақ, бұл іс-шараға “Жастар Ассамблеясының” өкілдері де қатысты. Ұйымдастырушылар жастарды тәжірибе толықтырсын, білікті мамандармен таныссын деген мақсатта арнайы шақырыпты.

Гульден Симбаева