Білім

Магистратураға 4 мың грант бөлінді

Магистратураға грантқа оқуға түсу үшін құжат қа­былдау басталды. Бұл туралы Aikyn.kz сайтында жазылған. Науқан елімізде желтоқсанның 12-сіне дейін жалғасады. Құжаттарды тапсыру кезінде оқуға түсуші білім беру бағ­дар­ламаларының бір тобын және үш жоғары оқу орнын көрсетеді. Магистратураға білім беру грантын тағайындау конкурсы желтоқсанның 15-сі мен 25-сі аралығында өтеді. Оқуға түсушілер 4 мыңға жуық мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады. Жалпы, 8 мыңнан астам адам магистратураға түсу үшін емтихан тапсырған. 40 пайызға жуы­ғы шекті балл жинапты. Ор­таша көрсеткіш – 69 балл. Ал ең жоғары ұпай – 127. Кешенді тестілеу өткізу ба­рысында 80 қатысушының нә­тижесі жойылған. Оның ішінде 32 адам смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге ты­рысқан. Сол себепті, олар тест тап­сыру мүмкіндігінен айырылды.

Самал Жунусова