Құқық қорғау органдары

Жаңа камералардың көмегімен көлік ұрлығы ашылды


 

Темір тұлпар тапа-тал түсте ұрланды. Таяуда Бескөл ауылының тұрғыны аулада тұрған өзінің «Audi-80» маркалыавтокөлігі жоғалғаны туралы полицияға арыз жазады. Көлік көп ұзамай-ақ табылды. Оны полицейлер облысорталығында жақында ғана қосылған жаңа камералардың көмегімен анықтады. Күдіктілер – 35 жастағы бескөлдік пен оның Петропавлда тұратын 22 жастағы туысы. Жүргізушілік куәлігі жоқ екеу ұрлық фактісі кезінде масаң күйде болыпты. Олар салон ішінде қалған кілтті көріп, арам ойларын жүзеге асырған екен. Орын алған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір өңір аумағында жолдағы бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін 35 бейнебақылау жүйесі жұмыс істеп тұр. Жыл басынан беріқұрылғылардың көмегімен 6 мыңнан астам бұзушылық анықталған.





Байболат Култанов