Спорт

Солтүстікқазақстандық бұрымды бес асықтан көзге түсті


 

 

Жерлесіміз Сәния Зейкенова бес асықтан өткен Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Сайысжелтоқсанның 1-і мен 4-і аралығында Астана қаласында өткен. Оған 11 елдің спортшылары қатысыпты. Қозыбаев университетінің студенті Қазақстан құрамасына еніп, ел намысын абыроймен қорғап шықты. Бұрымды асықтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативінорындаған. Ата-бабамыздан қалған ұлттық мұра ептілік пен шапшаңдықты, қырағылықты шыңдайды. Осынымен де Сәния Зейкенованы баурап алған көрінеді.


СӘНИЯ ЗЕЙКЕНОВА, Қозыбаев университетінің студенті:
– Бес асықпен мектеп жасынан беріәуестеніп келемінКейде бізден: “Асық деген спорт бар ма? Жоғары дәрежеде жарыстар өткізіле ме?”, деп сұрап жатады. Солкезде қатты қынжыламыз. Көріп отырғандарыңыздай, жуырда Азия чемпионаты өтті. Қазақтың ұлттық ойындарын әлем деңгейіне көтеріп, шыңдай берсек деймін.



Қуантарлық жағдай. Қазіргі уақытта өңір төңірегінде бес асық, асық ату сынды ұлттық ойын түрлері қарқынды дамып келеді десек артық болмас. Спорттың бұл түріне қызығушылық танытатындардың да қатары көбейіп келеді. Солтүстікқазақстандық ойыншылар ауқымды сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.


АҚЖАН СҰРАҒАНОВ, СҚО асық ату федерациясының президенті:
Атап айтқанда, бес асықтан қыздарымыз әрқашан жүлделі орындардан көрініп жүр. Аллаға шүкір дейміз. Жуырда ғана қыздарымыз ересектер арасында өткен Қазақстан кубогынан 2-орын алып келді. Алматыдағы Қазақстан чемпионатынантағы да 2-орынға ие болды. Жастардан бөлек, ардагерлер арасында да чемпионаттар өткізіліп тұрады.
Ардагерлерімізді жылына бір рет чемпионатқа апарамыз.



Асық ату Сеул қаласында өткен дүниежүзілік съезде қазақ елінің ұлттық ойыны ретінде ЮНЕСКО-ның құрамына енгізілген болатын. Қоса өтсек, келесі жылы Қырғызстанда асық спортынан чемпионат өтпек.


Алтынай Казиканова