Қоғам

Шал ақын ауданының әкімі есеп берді




Шал ақын ауданында өткен жылы 2,2 млрд теңгенің 4 инвестициялық жобасы іске асырылды. Жыл аяқталуға жақын болса да биыл 6 млрд теңгенің жобасы жүзеге асырылады дейді. Нәтижесінде бірнеше адам жұмыспен қамтылады. Қаншасы қамтылатыны, әзірге белгісіз. Бұл туралы Шал ақын ауданының әкімі Рахат Смағұлов өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингідеайтты.

 



РАХАТ СМАҒҰЛОВ, Шал ақын ауданының әкімі
Келесі жылы 13 млрд теңгеге тағы 8 инвестициялық жобаны іске асырамыз. Оның үшеуі тауарлы-сүт фермаларына қатысты. Сергеевка қаласындағы “ZHA-GROUP LTD” серіктестігінде 400 малға арналған нысан мың басқа дейін кеңейтіледі. Жоба сомасы 3,5 млрд теңгені құрайды.



3 жоба элеваторларды кеңейтуге бағытталған. Соның біріАфанасьевка, Кривощеково мен Сухорабовка ауылдарындаорналасқан астық қоймаларына қатысты. НысандарАсыллогистикссеріктестігіне тиесілі. Жоба құны – 3 млрд теңге. Аудандағы автомобиль жолдарының ұзындығы 557 км-дықұрайды. Былтыр оның 170 шақырымы жөндеу көрген, 80 шақырымға асфальт төселген.


РАХАТ СМАҒҰЛОВ, Шал ақын ауданының әкімі
Биыл 5 ауылдың кіреберіс жолыжөнделді. Афанасьевка, Кривощеково мен Ровное елдімекендерінің көшелеріне асфальт төселді. Алдағы уақытта тағы 4 ауылдың кіреберіс жолын қалыпқа келтіреміз.



Биыл Сергеевка қаласынан бастап Есіл ауданындағы Николаевкаға дейінгі 45 шақырым жолды жөндеу жұмыстары басталды. Шаруа келесі жылы аяқталады. Аудандағы 42 ауылдың 7-еуі ғана орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. 26 елді мекеннің тұрғындары құдықтан, қалғаны тіршілік нәрін жергілікті сумен жабдықтау жүйесінен алады деді Рахат Смағұлов.


РАХАТ СМАҒҰЛОВ, Шал ақын ауданының әкімі
Кривощеково мен Новопокровка ауылдарындағы су құбыры желілерінің жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Онда 9,5 шақырым сумен жабдықтау жүйесі өткізілген. Жыл соңына дейінқос ауылдың тұрғындары сумен толығымен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, Жаңасу ауылынажалғасқан су құбырын жөндеу жұмыстары басталыпкетті. Шаруаны келесі жылы аяқтаймыз.



Ал келесі жылы тағы 6 ауылды сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы бастау алады. Үш жылдың ішінде 14 ауылдың тұрғындары сапалы тіршілік нәрімен қамтылады.


Самал Жунусова