Қоғам

Облыстық прокуратурада мемориалдық тақта ашылды

 



Бүгін Прокуратура күні. Маңызды датада облыспрокуратурасы ғимаратының жанында Кеңес Одағының батыры Садық Әбдіжаппаровтың құрметіне мемориалдық тақта ашылды.
Салтанатты шарада облыс әкімінің бірінші орынбасарыМарат Тасмағанбетов мамандарды өңір жетекшісі АйдарбекСапаровтың атынан кәсіби мерекелерімен құттықтап, Садық Әбдіжаппаровтың өмірі мен ерен еңбегі көпке үлгі екенінатап өтті.


МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, СҚО әкімінің біріншіорынбасары
Ол өзі сұранып соғысқа барып, пулеметші болды. Майданда ерлігімен көзге түсті. Бірнеше орденмен марапатталды. Соғыстан кейін ел дамуына зор үлес қосты. Батыр ағамыз – Мәскеу мемлекеттік университетінің түлегі. Әр жылдарықауіпсіздік органдарында, Әдеп министрлігінде, прокуратура жүйесінде еңбек етті. Облыстың дамуынада көп үлес қосты.



Мемориалдық тақтаның ашылуына Алматыданмайдангердің немересі де келіп отыр. Азамат ата-әжесінің қолында өсіпті. Садық
Әбдіжаппаров байсалды, мінезі жайлы болғанын айтады.


ТИМУР ӘБДІЖАППАРОВ, Садық Әбдіжаппаровтың немересі:
Атам жасы келсе де спорттан алыстамады. Алматыда жиі тауға шығып тұратын. Жаяусеруендегеніне қызыға қарайтынбыз. Мені әрдайым еркелетіп, ақылын айтып отыратыны есімде. Атамның еңбегін ұмытпай, Петропавлдың төрінде мемориалдық тақтаның ашылғаны жанға жылу сыйлайды.



Бірі білсе, бірі білмес. Садық Әбдіжаппаров Ұлы Отансоғысынан аман-есен оралғаннан кейін өңірлік прокуратура жүйесінде тергеуші болып жұмыс істеген.


ӘБУ-ӘЛИ САТТАР, СҚО прокурорының біріншіорынбасары:
– Бүгінгі жас ұрпақ соғыстан кейінгікезеңде бейбіт өмір үшін қылмысқа қарсы күрес жүргізген батырды ұмытпау керек. Жас мамандарбатыр атамыздың ерлігін үлгі тұтып, халыққа адалқызмет етулері қажет.



Жиналғандар батырды бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды.


Алтынай Казиканова