Қоғам

Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің есебі

 



Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі есеп берді. Қайрат Омаровтың сөзінше, биыл жергілікті бюджет біршамаұлғайған.


ҚАЙРАТ ОМАРОВ, М.Жұмабаев ауданының әкімі:
– Бүгінгі күні жергілікті бюджет ауданда 88,1 пайызға орындалды және 8,6 млрд теңгені құрады, 2021 жылғы деңгейге қарағанда өсу қарқыны 9,4 пайыз немесе 836 млн теңге сомасына өсті.



Мағжан Жұмабаев ауданының топырағы құнарлы, шөбі шүйгін. Мұндағы агроөнеркәсіптік кешен өкілдері жылдакөл-көсір астық жинайды. Өндірілетін ет пен сүттің де көлемі көңіл көншітеді.


ҚАЙРАТ ОМАРОВ, М.Жұмабаев ауданының әкімі:
– Ағымдағы жылы 1 қарашада ауылшаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 86,3 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 100 пайыз. Біз егін жинаужұмыстарын оңтайлы агротехникалық мерзімдеаяқтадық. Дәнді дақылдардың жалпы көлемі 302 мың га, ал майлы дақылдардыкі 95,8 мың га құрады.



Ресеймен шектесетін аудандағы жолдың жалпы ұзындығы 700 км құрайды. Осы орайда бізге Қайрат Омаров жөндеу жұмыстары бойынша тіркелген соңғы 3 жылдағы статистиканы ұсынды. Ақпарға сүйенсек, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 60-тан 70-ке пайызға дейін өскен.


ҚАЙРАТ ОМАРОВ, М.Жұмабаев ауданының әкімі:
– Ағымдағы жылы жолдардыжөндеуге 2,3 млрд теңге бөлінді, бұл шамамен 50 км жолды жөндеуді қамтуға мүмкіндік берді. Ең үлкен жөндеу жұмыстары Бинаш, Советское, Полудино, Бәйтерек, Новотроицкое, Жастар ауылы ішіндегіжолдарды орташа жөндеу, «Булаево-Конюхово» жолы, «Надежка-Карақоға», Булаев қаласы ішіндегі жолдардыорташа жөндеу.



Тұрғын үй құрылысы да назардан тыс қалмайды. Қазір аудан орталығында көпқабатты баспана салынып жатыр.


ҚАЙРАТ ОМАРОВ, М.Жұмабаев ауданының әкімі:
Аудан орталығы Булаев қаласында 3 қабатты 45 пәтерлі несиелік үйдің құрылысы жалғасуда. Онда 15 бір бөлмелі, екі бөлмелі және үш бөлмелі пәтер болады. 1 шаршы метрдің құны 160 мың теңгеден аспайды. Тұрғын үй және инженерлік желілерқұрылысының құны шамамен 900 млн теңге, ағымдағы жылы 381 млн теңге бөлінді.


Денсаулық сақтау саласына ойысайық. Жыл басынан беріауданға 11 маман келіпті. Дегенмен, әлі де кадр тапшылығы байқалады. Атап айтсақ, хирург, дерматолог пен жалпытәжірибелік дәрігер қажет. Баспасөз брифингі соңында Қайрат Омаров журналистердің сұрақтарына жауап берді.


Байболат Култанов