ТЖ

Биыл Есіл ауданында 2 адам өрттен көз жұмған



 

Желтоқсанның 4-і күні Николаевка ауылында қайғылы жағдай тіркелді. Мұнда тұрғын үй отқа оранған. Салдарынан 81 жастағы нәзікжанды көз жұмды.


КЕНЖЕБЕК ҚОЖАХМЕТОВ, Есіл ауданының ТЖБ бастығының міндетін уақытша атқарушы:
Өрт бас көтерген үйге кезекші топ кешкі 19:48-де шықты. 10-нан аса баспанадан жанып кеткен 41-ші жылғы тұрғынның денесі табылды. Қазір адам өлімі тексеріліп жатыр. Ал оттың неден шыққанын білеміздеуге болады. Алдын ала болжам бойыншақолданыстағы пеште өрт қауіпсіздігі ережелеріескерілмеген.



Айтылып жатыр, көрсетіліп жатыр. Бірақ, баяғы жартассол жартас. Өрт жеке тұрғын үйлерде жиі бас көтереді, көбісінде әдеттегідей қауіпсіздік ережелері сақталмайды. Мысалы, жыл басынан бері Есіл ауданында 33 фактітіркеліпті. Бұл былтырғыдан бақандай 37 пайызға көп.


КЕНЖЕБЕК ҚОЖАХМЕТОВ, Есіл ауданының ТЖБ бастығының міндетін уақытша атқарушы:
Ауданымыздағы өрт оқиғаларының басым бөлігі жеке тұрғын үйлерде болды. Салдарынан 2 адам қаза тапты. Былтыр 1 тұрғын ажал құшты. Үстіміздегі жылы оттан келген материалдық шығын 6 млнтеңгеден асып түсті.



Бұл жиында Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Дмитрий Растихин де баяндама жасады. Олкүллі облыс бойынша тіркелген деректерді тілге тиек етті.


ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:
Жыл басынан бері өңірде 623 өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан 34 адам ажал құшты. Осы орайдабылтырғы салыстырмалы цифрмен бөлісе кетейін. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 48 тұрғын қайтыс болды. Ал келтірілген материалдық шығын былтырғыдан 76 пайызға көп.



Дмитрий Растихин тұрғындарды қазіргі таңда аса сақ болуға шақырады. Жылыту маусымында пешті үнемі назарда ұстау қажет. Әйтпесе, қайғылы жағдай тіркелуімүмкін. Сөз соңында мынандай дерекпен де бөлісейік, қазанның алғашқы жұлдызынан бері өңірде 73 өрт оқиғасы тіркелген.


Гульден Симбаева