Қоғам

Айыртау ауданында жылқыға қатысты тағы бір келеңсіз жайт болды

 


Айыртау ауданында малға қатысты тағы бір жайт орыналды.
Бұл жолы өз бетімен босып жүрген жылқыларға екі жақтан келе жатқан 2 көлік барып соғылған. Оқиға кешкі уақытта Лавровка ауылының тұсында болды. «Антоновка-Горное» жолының 8-ші шақырымында жылқылар кенеттен шыға келіпті. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, жылқылар қаша жөнелген, қос көлікке де механикалық зақым келген. Иесіз жүрген малдың бақташысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы, жыл басынан облыстамалды далаға қараусыз жіберген 4 мыңнан аса адамжауапкершілікке тартылған.


Гульден Симбаева