Денсаулық сақтау

ӘМСҚ аясында құны 1,5 млн теңге тұратын оталартегін жасалуда


 

 

Міндетті медициналық сақтандыру қоры. Бұл жүйені Ирина Сергеева оңтайлы пайдаланған. Жақында нәзікжанды көпсалалы қалалық жедел жәрдем ауруханасында тізебуындарын ауыстырыпты. Құны 1 млн теңгеден асатын отаүшін азаматша қалтасынан бір тиын да шығармапты. Себебі, қала тұрғыны сақтандырылған. 



ИРИНА СЕРГЕЕВА, қала тұрғыны
– Тізем 10 жылдан бері сыр беріп жүрді. Біраздәрі қабылдадым. Бірақ, одан ешқандай пайда болмады. Содан кейін міндетті медициналық сақтандыру қоры арқылы қаламызда тізе буындарынауыстыратындығын естідім. Тіркелген емханама барып, арнайы тексерістен өттім. Порталға кезекке тұрдым. Екіайдан кейін ота жасалды. Бір айдан кейін кезекке қайта тұрып, оңалтудан өтпекшімін. Бұның барлығы тегінтүрде жасалады.



Міндетті медициналық сақтандыру қорына төлем ай сайынғы жалақыдан ұсталады. Ал зейнеткерлер мен кәмелетке толмаған балаларға осындай ота жасауқажеттілігі туындаған жағдайда олар не істейді? Осы және белгілі бір санаттағы өзге жандардың шығынын мемлекетөтейді. Жақында Қызылжар ауданының тұрғыны, зейнеткерЛюбовь Ахримчук үкімет есебінен операция жасатыпты.


ЛЮБОВЬ АХРИМЧУК, Кондратовка ауылының тұрғыны, Қызылжар ауданы:
Басында сол жақ аяғым ауыра бастады. Оған 7 жыл бұрын ота жасаттым. Кейіннен бұл ауырсыну оң аяғыма көшті. Оған ота жасамай тұрып мені дәрігерлер екі күн бойы мұқият тексерді. Қазір жағдайым жақсы.



Жалпы, тізе буындарын ауыстырудан бөлек ауруханалардажамбас буындарын ауыстыру және бармаққа пластикалық оталар жасалады екен. Бұл операциялардың құны 500 мыңнан 1,5 млн теңгеге дейін бағаланып отыр. Ал сақтандырылған жандар үшін аталған оталар тегін түрде өткізіледі.


НИКОС ЛЕОНОВ, көпсалалы қалалық жедел жәрдем ауруханасы травматология бөлімшесінің меңгерушісі:
Орташа есеппен алғанда бір жылдаауруханамызда 200-ге тарта буын ауыстыру отасыжасалады. Ағымдағы жылы біз осындай 180 операция өткіздік. Мұндай оталарды 2009 жылдан бері жасапкелеміз. Уақыт өткен сайын бізге жүгінетін тұрғындардың саны көбеюде.



Мұндай оталардан кейін әдетте науқастар жоғалтқан күштерін қайта жинау үшін оңалтуға жіберіледі. Олжақтағы ем-дом шарасы да сақтандырылған азаматтар үшін тегін.


ЖАННА МАУТОВА, көпсалалы қалалық жедел жәрдем ауруханасының директоры:
Біздің ауруханамызда 50 адамға арналған оңалту бөлімшесі бар. Мұнда нейрохирургиялық, ортопедиялық, травматологиялық оталардан кейінгінауқастар жатқызылады. Оларға міндетті медициналық сақтандыру қорының негізінде ем-дом шараларыжүргізіледі.



Оңалту шарасы 3 кезең бойынша өткізіледі. Сондай-ақ, оны қайта өту қажеттілігі туындаса науқас сол медициналық мекемеде тегін түрде ем-дом ала алады.


Алдияр Айтпаев