Қоғам

СҚО-да халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарына үй салынады

 

2023 жылы Қазақстанда құрылыс саласы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға 394 млрд теңге бағытталады, деп хабарлайды LS ақпараттық порталы. Оның басым бөлігі, нақтырақ айтсақ, 391 жарым млрд теңгесі халықты қолжетімді баспанамен қамтуға, коммуналдық жүйелерді жаңғыртуға жұмсалады. Жоспарда Астана қаласы мен Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарына қосымша 3,8 млрд теңге бөлу де бар. Қаржы халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарына жататын отандастарымыздың тұрмыс жағдайын жақсартады. Пилоттық жоба аясында арнайы санаттағы жандардың үйлері жөнделмек және жаңадан тұрғызылмақ. Осылардың барлығын қоса алғанда, елімізде пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемі 15,3 млн шаршы метрді құрайды. 73 нысан қайта қалыпқа келтіріледі. Қалалықтарды сумен қамту көрсеткіші 99 пайызға жетеді. Ал ауылды жерде бұл деңгей 95,1 пайызды құрамақ. Желілердің тозуы болса 53-тен 50 процентке төмендемек.


Байболат Култанов