Ауа райы

Қыс қаһарына мінеді

 

 

 

Қазгидромет» өкілдерінің хабарлауынша, желтоқсанда сынап бағанасы төмендемек. Бірінші онкүндіктің екінші жартысында ауа температурасы түнде -30 градусқа дейін түседі. Ал күндіз -17-22-нің маңында болады. Айдың ортасында да осындай күн райы осындай болмақ. Желтоқсанның үшінші жартысы көпшілікті қуантады. Онкүндіктің басында күн күрт жылынбақ. Алайда, соңына таман қайтадан қыс қаһарына мінеді. Демек, солтүстікқазақстандықтар Жаңа жылды үйреншікті ауа райында қарсы алады.

Файруза Билалова – «Қазгидромет» РМК СҚОФ инженер-синоптигі
план/қаз/ Қар бірінші онкүндіктің соңында, айдың ортасында және үшінші онкүндікте жиі күтіледі. Көктайғақ үшінші онкүндіктің ортасында, тұман бірінші онкүндіктің екінші жартысында, екінші онкүндіктің басында, үшінші онкүндіктің соңында күтіледі. Бұрқасын желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.


Гульден Симбаева