Құқық қорғау органдары

Тағы да есірткі саудасына қатысты жайт анықталды

 

Бұл есірткіні 29 жастағы қыз Астанадан жеткізген. Сату мақсатында әкелінген синтетиканың көлемі аса ірі болып саналады. Күдіктінің өзін және тұратын жерін тінту кезінде полицейлер 1 келіден астам наша тапқан. Онымен қоса, орайтын заттар мен өлшеуіш құралдар анықталған. Сараптама жұмыстарының нәтижесінде бұның “тұз” деген атаумен белгілі синтетикалық есірткі екені расталды.

ЛЮФТ:

– Внутри первоначальной упаковки обнаружены 4 больших пакета зиплок. Первым берём вот – полимерный пакет зиплок с комкообразным веществом розового цвета, имеется надпись маркером чёрного цвета «бабл».

Руслан Назаров – СҚО ПД бастығының орынбасары

– СҚО ПД қызметкерлерінің назарына Астанадан Петропавлға ірі көлемде синтетикалық есірткі жеткізу арнасын ұйымдастырды деген күдікпен Петропавл қаласының 29 жастағы тұрғыны ілікті. Аталған факті СДТБТ-ға енгізіліп, ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сараланды – ірі мөлшердегі есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау.

Ұсталған қыздың әкесі де заңға қайшы әрекет жасап отыр. Оның гаражынан тәртіп сақшылары тіркелмеген қару арсеналын тапты. Ер адамның айтуынша, ол қаруды әуесқой ретінде жинаған. Тергеу барысында оның бұл заттарды қайдан алғандығы анықталады.
Қызы қамауға алынды.

Полиция департаметіндегі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 11 айда заңсыз айналымнан 3,5 келіден астам синтетикалық есірткі тәркілеп алды.


Данаш Хамзина