Қоғам

Биыл Мамлют ауданындағы Белое ауылында су құбыры іске қосылады

 

Сапалы ауыз су – Мамлют ауданындағы өзекті мәселелердің бірі. Ондағы 38 елді мекеннің тек 16-сы ғана орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Биыл Белое ауылында құрылысы аяқталған су құбырын іске қосу жоспарлануда. Аудан әкімінің сөзінше, Покровкада тарату желілері салынып жатыр. Нәтижесінде тұрғындар тіршілік нәрін үйге тарта алады. Владислав Лукин соңғы 3 жылда аудан орталығында 15 шақырым жол жөнделгенін де қоса өтті. Келесі жылы тағы 3 км жол жаңартылмақ.

ВЛАДИСЛАВ ЛУКИН, Мамлют ауданының әкімі:
–  Үстіміздегі жылы Воскресеновкадан Леденево ауылына дейінгі 23 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Андреевка селосынан Новомихайловкаға дейінгі жолды күрделі жөндеу шаралары басталды. Бостандықтан Андреевка ауылына апаратын 4 км учаске жаңартылып қалды. Бұдан бөлек, бір жылда медициналық ұйымдардың жабдықталуы 25%-ға артты. 54 млн теңгеге 11 жаңа қондырғы сатып алынды.


Алтынай Казиканова