Қоғам

Атаулы әлеуметтік көмек алған 11 адам кәсіптік оқытудан өтті

 

Алина Агафонцева – жалғызбасты ана. 3 баланы өзі жалғыз тәрбиелеп отыр. Көп жыл бойы өзіне ыңғайлы жұмыс кестесі мен жалақысы жақсы болатын жұмыс таба алмай жүрген. Тұрақты табыс табу мәселесімен жұмыспен қамту орталығына жүгінеді. Нәтижесінде жұмыс табылды, жалақысы көңілден шығады.

АЛИНА АГАФОНЦЕВА, қала тұрғыны:
–  Маған атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Біріншіден, ақшалай көмек көрсетілді, екіншіден, балаларға мектепте тегін тамақ беріліп, автобуспен тегін жүру мүмкіндігі берілді. Оқу жылының басында кеңсе тауарларымен және киіммен қамтамасыз етті.

Атаулы әлеуметтік көмек орташа табысы кедейлік шегінің белгіленген мөлшерінен төмен болған жағдайда көрсетіледі. Әлеуметтік көмектің 2 түрі: шартты және шартсыз. Биыл аталған қолдау түрі 2 жарым мыңнан астам петропавлдыққа көрсетілген.

ШЫҢҒЫС МАНТАЕВ, қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының кеңесшісі:
–  Шартты ақшалай көмек 475 отбасыға, оның ішінде 1969 адамға, ал шартсыз ақшалай көмек 241 отбасыға, яғни 805 адамға тағайындалды. Шартты ақшалай көмек алушылардан жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылғандардың үлесі – 116 адам. Оның ішінде 95-сі тұрақты жұмысқа орналасқан.

Қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінген 11 азамат кәсіптік оқытудан өткен. Соның 7-еуі аспаз, кондитер мен тігінші кәсіптеріне 3 ай оқыған. Тәлім алғандардың барлығы жұмыспен қамтылды. Қалған 3-еуі 1 айлық оқытудан өтіп, күні кеше емтихан тапсырыпты.


Самал Жунусова