Құқық қорғау органдары

Танымал қос сайт арқылы 200-ге жуық алаяқтық іс жасалған

 

ЛЮФТ:

-При взаимодействии с интернет-площадками, когда есть факты наличия мошенничества. Мы проработали определенные механизмы, как мы, со своей стороны, можем помочь.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша алаяқтар өздерінің қулықтарын “Колеса.kz” пен “ОLХ” сайттарында жиі жүзеге асыратын болған. Сол себепті, тәртіп сақшылары аталған сайттардың Қазақстандағы өкілдерімен байланысқа шығып,
жалған хабарландырулар мен аккаунттарды өшіруді талап еткен.
Енді осындай жалған парақтар пайда болса, ол тез жойылатын болады. Жалпы, жыл басынан бері облыста “Колеса.kz” арқылы – 31, ал “ОLХ” арқылы 160-тан астам интернет-алаяқтық жасалған.
Петропавлдық мамандар жалған хабарландырумен жасалған 7 қылмыстық істің бетін ашты.

Жандос Мұқатов – қалалық полиция басқармасының бастығы:
– Біздің алгоритмді ұсынса деп сол басшыларға мәліметті жеткіздік. Қазіргі таңда 200-ші баппен процессуалдық кодекс бойынша біз ұсыныс береміз осы компанияларға. Қылмыстық істер бізде бар. Мысал келтіретін болсақ, біздің ұсыныс бойынша болмаған автокөліктер, болмаған қалалық аудандар бізде шығып жатқан жаңағы мекенжайлар да бар, соларды бұғаттаса екен деген ұсыныс беріп жатырмыз.


Самал Жунусова