Қоғам

Елімізде азық-түлік тағы да қымбаттады

Жыл басынан бері елімізде инфляция мөлшері 19,6%-ды құрады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, азық-түлік тауарларының бағасы – 24, азық-түлік емес тауарлардыкі – 18,6, ақылы қызметтердікі 14 пайызға қымбаттады. Ал қарашада айлық инфляция 1,5%-ды құрады. 1 айда дизель отынының құны – 14, тас көмір 2,6% көтеріліп кеткен. Жуу және тазалаy құралдарының бaғасы да бір орында қалмады. Киім және аяқкиім, ыдыс, тоқыма бұйымдарының құны 1,6 пайызға өсті. Енді азық-түлікке жекелей тоқталайық. Соңғы уақытта, әсіресе, қиярдың күрт қымбаттағаны белгілі болды. Бaғa бірден 41,5 проценткe көтерілген. Одан қалды, қызанақтың құны 26 пайызға ұлғайып отыр. Енді сауда орындарынан жұмыртқа мен пияз да бұрынғыдан 6 пайызға қымбатқа түседі. Күріш және сүт өнімдері де қосымша ақшаны талап етеді. Ал сәбіз – 2,9%, құмшeкeр 1,9% арзандады.


Алтынай Казиканова