Құқық қорғау органдары

Айыртау ауданында 300 литр заңсыз алкоголь тәркіленді

 

Өңірде 300 литр заңсыз алкоголь тәркіленді. Тәртіп сақшылары Айыртау ауданының орталығы Саумалкөл ауылындағы дүкендердің бірінде құрамында спирті бар өнімдерді заңсыз сату фактісін анықтады. Тексеріс кезінде дүкен иесінде тиісті лицензияның болмағаны анықталып, 581 шөлмек алынды. Көлденең жолмен көк тиын таппақ болған дүкен иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды. Жалпы, жыл басынан бері өңірде алкогольді заңсыз сату бойынша 237 факті тіркелді. Айналымнан 8 мың литрге жуық ащы су алыныпты.


Дана Ешкенова