Құқық қорғау органдары

Жаңа учаскелік полиция пункті салынды

Шал ақын ауданындағы Городецкое ауылында жаңа учаскелік полиция кешені салынып, пайдалануға берілді. Нысанның ерекшелігі – үймен біріктірілуінде. Яғни, бұл жерде тәртіп сақшысы отбасымен бірге тұра алады. Қызметтік орынның аумағы 100 шаршы метрден асады. Ішінде жұмыс істеуге, күнделікті өмірге қажетті дүниелердің бәрі бар.

РУСТАМ НҰРҒАЛИЕВ – Шал ақын аудандық полиция бөлімі учаскелік полиция инспекторының көмекшісі:
– Осы учаскелік пункттің үймен бірігіп салынуы өте ыңғайлы. Біз бұлай халыққа 24 сағат бойы көмек көрсете аламыз.

Қызметтік орын және тұрғын үймен облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов танысып шықты. Қоса өтсек, жыл басынан бері ауылдық округте 150 түрлі әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Ауыр қылмыстар тіркелген жоқ.

РУСТАМ НҰРҒАЛИЕВ – Шал ақын аудандық полиция бөлімі учаскелік полиция инспекторының көмекшісі:
– Мен қызмет атқаратын 5 ауыл бар: Жалтыр, Мерген, Городецкое, Бағанаты және Коноваловка. Осы округте 2021 жылдың қараша айынан бері қызмет етемін. Округ бойынша 3 бейнебақылау жүйесі орнатылды. Сонымен, құқық бұзушылықтарды бақылап отырамыз.

Жуырда өңірдің бірқатар ауданында қызметтік үйлерді пайдалануға беру жоспарлануда.

Алтынай Казиканова