Қоғам

Бірлік ауылының тұрмыс-тіршілігі

Жол, су және жарық. 90-ға жуық үй түтін түтетіп отырған ауылда биыл осы аталған үш бағытта жұмыс жүргізілген. Мына 1 жарым шақырымдық су жаңа жол Бірлікті республикалық трассамен байланыстырады. Бұдан басқа негізгі жолмен жалғайтын аралық жоқ. Соның өзі бірнеше жыл бойы жөнделмей жатқан. “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы аясында 32 млн теңге бөлініп, 1 жарым шақырымға биыл асфальт төселді.

АЙДАРХАН ХАБДУЛИН, Приишим ауылдық округінің әкімі, Шал ақын ауданы:
– 1,5 шақырым жолды 2,5 жылдық жобамен бастадық. Бұрын бұл жол жаман болды. Саз уақытында өту қиын болатын. Өзіміз шамамыз келгенше жөндеу жұмыстарын атқаруға тырыстық. 3,13 «Ауыл-ел бесігі” бағдарламасынан 3,01 32 млн теңге қаражат бөлінді.

Ауылда су құбырын тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл да “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы аясында тындырылуда. Төрт ауылды қамтитын берекел істі жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 2 млрд теңге қаржы бөлініпті.

АЙДАРХАН ХАБДУЛИН, Приишим ауылдық округінің әкімі, Шал ақын ауданы:
– Жалғыз тұратын адамдар бар. Жағдайы төмен тұратындар да бар. Шамамен 17 отбасы. Соларға суды үйге дейін өткіземіз. Тұрғындар өздері қазған құдықтар ғана бар. Бірақ, таза су болған жоқ.
 Республикалық бюджеттен 2 млрд теңге қаражат бөлінді. 2 жыл ішінде суды ауылдарға өткізеді. Бірлік ауылынан кейін Жаңажол, Кеңес, Жаңаталап ауылдарына су өткізілетін болады.

САМАЛ ЖҮНІСОВА, тілші:
– Бірлік ауылына тартылып жатқан су желісі болашақта әр үйдің ауласына кіргізілмек. Бүгінде жалпы жұмыстың 30 пайызы ғана атқарылыпты. Шаруамен «DR Proekt» серіктестігі айналысуда. Жоспардағы іс 2023 жылы тәмамдалады деп күтілуде.

Ауылға биыл 30-ға жуық жарықшам орнатылыпты. Бұл бағытқа аудандық бюджеттен 900 мың теңге жұмсалған.
Ажары ашыла түскен аядай ғана ауылға қаржы тек мемлекет қазынасынан ғана бағытталып жатқан жоқ. Мұнда іскер азаматтар өз қалтасынан қаражат бөлуге әзір. «Бірлік-астық» серіктестігінің басшысы Марат Игібаевтің бастамасымен мешіт салынған. Кейін бұл игі іске ауыл тұрғындары да ат салысып, шама-шарқыларынша үлес қосқан. Жалпы, су жаңа діни нысанның құрылысына шамамен 12 млн теңге жұмсалыпты. Бірлік ауылының имамы Арман Итақаевтың айтуынша, бұрын елді мекенде мешіт болған емес.

АРМАН ИТАҚАЕВ, Бірлік ауылының имамы, Шал ақын ауданы:
– Ауыл жастары осы мешітке келіп, тәлім алып жатыр. Ауыл ақсақалдары бар. Осы мешітті салған кісі – Марат Асқарұлы. Ол кісі қазір қалада тұрады. Мешіттің құрылысына көмек көрсеткен ауыл азаматтары, жас жігіттер бар.

Ауылдағы ағайынның ұйымшылдығы – көпке үлгі. Тұрғындар бірлесіп Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ескерткішін жаңалаған. Бұл іске арнап 7 млн теңгеге жуық қаржы жинаған екен.

МЕЙРАМ БАЙМОЛДИН, Бірлік ауылының тұрғыны, Шал ақын ауданы:
– Ескерткіштер қирап жатыр. Сондықтан, тұрғындар жиналып ескерткіштерді жинап-тазалайық деп шештік. Фотоларды қаладан арнайы тапсырыс беріп, кей аталарымыздың суреттері болмағасын тізім құрдық. Былтыр салынып басталған, биыл ашылды.

Кейінгі ұрпақ аталарының еңбегі мен ерлігін ұмытпасын деген ниетпен қолға алынған іс әлі аяқталған жоқ. Жалғасы бар. Белсенді жандар алдағы уақытта ескерткіш маңын абаттандыруды жоспарлап отыр.

Самал Жунусова